
Атырау облысында кәмелетке толмағандардың құқығын қорғауға, олардың қатысуымен жасалатын қылмыстардың алдын алуға және қараусыз қалдырмауға бағытталған "Түнгі қаладағы балалар" жедел алдын алу шарасы жалғасып жатыр.
Шара 27 шілдеде басталып, 29 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Рейдтік шаралар барысында полиция қызметкерлері жағдайы төмен отбасыларды, есепте тұрған жасөспірімдердің өмір сүру жағдайын тексереді және кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарымен профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Ересектердің қарауынсыз түнгі уақытта көшеде және ойын-сауық орындарында жүрген балаларға негізгі назар аударылады.
Жедел алдын алу шарасының алғашқы тәулігінде 97 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың ішінде:
- Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз сағат 23:00-ден кейін көшеде немесе ойын-сауық орындарында жүрген 84 жағдай;
- Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және олардың құқықтарын қорғау бойынша міндеттерін орындамаған 10 дерек;
- Жасөспірімдерді түнгі ойын-сауық мекемелеріне жіберген 3 жағдай.
Полиция сондай-ақ ата-аналар мен жасөспірімдер арасында ақпараттық жадынамалар таратты, онда заңды сақтаудың және кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз түнгі уақытта көшеде болуына жол бермеудің маңыздылығы еске салынды.
В Атырау +3