Атырау, 26 қараша 04:48
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жаңа автовокзал ашылды

3 670 просмотра

4 қыркүйекте Атырау-2 ықшамауданында қаладан Орал мен Астраханға қарай шығатын жолда салтанатты түрде жаңа автовокзал ашылды. Оның құрылысы өткен жылы басталған болатын («АЖ», №14, 5.04.2012 ж., «Уральцы строят нам автовокзал»). Автовокзал қалааралық және қала маңындағы бағыттарға қызмет көрсететін болады.

Естеріңізге салсақ, нысан мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде салынған болатын. Жобаны «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «АзияКредит Банк» АҚ Атырау филиалы қаржыландырған еді. Филиал директоры Марат ҚАНАТОВТЫҢ айтуынша, несие мөлшері 5 жылға 300 млн теңгені құраған. Естеріңізге салсақ, «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша банк мөлшерлемесінің 7 пайызы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан субсидияланады.

Автовокзал директоры Жасұлан ЕРҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, ғимарат барлық стандарттарға сай келеді. Бұл жерде билеттер сататын кассалар, асхана, күту залы, Wi-Fi қарастырылған. Автовокзалдың жоғарғы өткізу қуаттылығы 3 мың адамға дейін. Болашақта инфрақұрылымдарды кеңейту, атап айтқанда, автобустарға арналған жөндеу цехтарын және көлік жуу орындарын салу жоспарланып отыр.

Автовокзал ашылған уақытта алаңға көрініс ретінде бірнеше жолаушы автобустары келді. Олардың ішінде ең ірі тасымалдаушы «АйсТранс Холдинг» автобустары да бар. Ерғалиевтың түсіндіруінше, бұл автобустар автовокзал мен тасымалдаушылар арасындағы келісімшарт негізінде облыстық көлік жолдары мен жолаушылар тасымалы басқармасының тапсырысы бойынша маршруттарға қызмет көрсететін болады. Бастапқы кездерде бұл жерде: Атырау – Астрахан, Атырау – Орал, Атырау – Құлсары, Атырау – Бейнеу маршруттарына қызмет көрсетіледі. Кейінірек оларға қала маңындағы маршруттар да қосылмақ. Жолаушыларға қолайлы болу үшін автовокзал маңына №3 және 10 қалалық маршруттардың аялдамалары орнатылған.

Ал автовокзал басшылығы әзірге жолақы құны туралы мәселеге түсінік беруге дайын емес екен. Ешкім бағаны көтеріп жібермейтін шығар деп болжау керек, әйтпесе халықтың жеке тасымалдаушыларды таңдайтыны сөзсіз. Тағы бір артықшылығы: теміржол вокзалының алдындағы қазіргі уақытта жұмыс жасап тұрған автовокзал алаңы босайды. Қала әкімінің орынбасары Амантай АЙТБАЕВТЫҢ айтуынша, бұл ғимарат әлі күнге дейін «Аджип ҚКО» компаниясының жеке меншігі боп табылады екен. Ол үшінші тарапқа сенімді басқаруға берілген және стандартқа сай келмейтін көрінеді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

4 қыркүйек 2013, 20:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.