
Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы кәріз-сорғы станциясында (КСС) жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты Нұрсая шағын ауданының 15 өткелі бойындағы жол уақытша жабылатынын хабарлады.
Бұл жұмыстар су жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет және жақын арада жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысы осы учаскеде уақытша шектеледі.

Тұрғындарға туындаған қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, басқа жолмен жүруді алдын ала жоспарлауға кеңес берді басқарма мамандары.
В Атырау +3