Атырау, 6 желтоқсан 12:10
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Сарыөзек ықшамауданының тұрғындары бірқатар өзекті мәселенің шешілуін талап етті

320 рет қаралды

Сарыөзектe қайтадан жағдай ушығып тұр: жарық жоқ, балалар жолдың жиегімен жүреді,  мектептің жанында иттер ұлып жүреді. Жергілікті тұрғындар билік араласпаса жағдайдың нашарлай беретініне күмән жоқ дейді. 

Басты мәселе жарықтың үзіліссіз сөнуіне байланысты болып отыр. Қала тұрғындарының айтуынша, жаздың аптап ыстығында жарық жиі сөніп тұр:

- Далада +40, ал үйде жарық жоқ. Әрине, адамдар кондиционерсіз отыр, — деп шағымданады тұрғындар.

Мұның себебі электр желілерінің тозығы жеткен деп айтылды. Өтінішке жауап ретінде қала әкімдікгі өкілдері "Айком Ltd" ЖШС желілерді жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын хабарлады. бұл жұмысты тамыз айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Мектеп жанындағы иттер

Оқу орнының жанында орналасқан ит асырайтын орын алаңдаушылық туғызып отыр. Ата-аналардың пікірінше, бұл балалар үшін қауіпті болуы мүмкін. Бұған дейін питомник Көкарна ықшамауданында орналасқан болатын, иелері сол жерді он жылға жалға алған. Тұрғындар шағымданып, кейін ол Сарыөзекке 86 итімен бірге көшірілді. Бірақ мұнда да олардың жаңа көршілерінен шағымдар түсе бастады.

Тұрғындар осы сәтті пайдаланып, жаяу жүргіншілер жолының жоқ екеніне назар аударды — оқушылар мектепке қатынау үшін жолдың жиегімен жүруге мәжбүр.

Қауіпті айналма жол

Сондай-ақ Атырау – Ганюшкино жолының бойындағы уақытша айналма жолға шағымданды, онда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, айналма жол тым тар және қауіпті, әсіресе балалар мен қарт адамдар үшін. Адамдар жолды кеңейтуді немесе кем дегенде жолды жақсартуды сұрайды.

«Көше емес, бау-бақша»

Тағы бір бөлек мәселе - ықшамауданның құқықтық мәртебесі. Сарыөзек әлі күнге дейін тұрғын үй массиві емес, бағбандық серіктестік ретінде тіркелген. Бұл адамдарға тұрғын үйді рәсімдеуге, инженерлік желілерді жүргізуге және негізгі әлеуметтік қызметтерді пайдалануға кедергі келтіріп отыр. Тұрғындар ауданға ресми тұрғын үй мәртебесін беруді сұрайды.

— Көтерілген барлық мәселе бақылауға алынды. Тиісті өтініштер бейінді қызметтер мен ведомстволарға жіберілді, — деп хабарлады қалалық мәслихат депутаты Бауыржан Ажғалиев.

Айгүл МАНСУРОВА

28 шілде, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.