Атырау, 5 желтоқсан 08:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​«KMG PetroChem» ЖШС-де жаңа тағайындау​

340 рет қаралды
Сурет: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі

«KMG PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасы болып Диаз Диянов тағайындалды.

Компания ұжымына жаңа басшыны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дастан Абдулғафаров таныстырды.

Диаз Мұхтарұлы Диянов 1983 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Оның кәсіби тәжірибесі 20 жылдан астам уақытты қамтиды, соның 15 жылы «ҚазМұнайГаз» компаниялар жүйесінде өтті. Әр жылдары «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ, «ҚазМұнайГаз — өңдеу және маркетинг» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС және «KPI Inc.» ЖШС-да еңбек етті.

Диаз Диянов осы тағайындауға дейін «KMG PetroChem» ЖШС-нің бизнесті дамыту жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.

28 шілде, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.