Атырау, 9 қазан 01:24
 дождьВ Атырау +14.7
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

Терезені заңсыз қараңғылатуға тексеріс жүріп жатыр

713 рет қаралды

Атырау қаласында автокөлік жүргізушілері арасында терезелерді заңсыз қараңғылатуға (тонировка) қарсы профилактикалық шаралар күшейтілуде. Бұл бастама жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

- Жол-көлік оқиғаларының көпшілігі жүргізушінің көру мүмкіндігі шектелген жағдайларда орын алады. Әсіресе көліктің алдыңғы және бүйір терезелерін қараңғылату көлік жүргізу кезінде көріністі нашарлатып, апатқа әкеліп соғуы мүмкін, - дейді патрульдік полиция қызметкерлері. - Сондықтан мұндай өзгерістер көлікті заңсыз қайта жабдықтау ретінде қарастырылады.

Жыл басынан бері қала бойынша көліктің алдыңғы терезеcін заңсыз қараңғылатқан 400-ге жуық жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында бұл ережені бірнеше рет бұзғандар да бар.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

28 шілде 2025, 18:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.