Атырау, 5 желтоқсан 08:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қашағандағы ГӨЗ құрылысы: градирни резервуарларының гидравликалық сынағы аяқталды

Бейнежазба
314 рет қаралды
Видеодан жасалған скриншот

“QazaqGaz” ҰК” АҚ басқарма төрағасының геологиялық барлау және перспективалық жобалар бойынша орынбасары Ұлан Бүркітов ГӨЗ құрылыс барысына инспекция жасап, мердігер компаниялар өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында мердігер компания құрылыс-монтаж жұмыстарының қазіргі статусы мен жыл соңына дейін қол жеткізілетін көрсеткіштерге тоқталды.

Ұлан Бүркітов құрылысты одан әрі жеделдету қажеттігін жеткізді. Өндіріс қарқынын күшейтіп, құрылыс барысын жіті назарда ұстау қажеттігін ескертті. Әсіресе, өрт қауіпсіздігіне аса мән беруді тапсырды.

Бүгінде құрылысқа 1900 жуық жұмысшы жұмылдырылған. Түнгі ауысымға 140 жұмысшы тартылған. Жалпы жұмыс барысына 360 дана техника жұмылдырылған. Басты назар өнеркәсіптік мәселелерге, әсіресе түнгі ауысымда қауіпсіздік мәселелерін сақтауға аударылған.

Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша прогресс:

  • Көлемі 8000м3 және 2000м3 градирни резервуарларының гидравликалық сынағы аяқталды;
  • Көлемі 13 000 м3 тұрмыстық сарқынды суға арналған резервуарлардың сынағы басталды;
  • Іргетас құю, металл конструкцияларын, технологиялық құрал-жабдықтарды, қызмет көрсету алаңдарын монтаждау, РВС-5000 және РВС-1000 резервуарларын, 600м3 резервуарларды жинау жұмыстары жүруде;
  • НВК-2 сыртқы инженерлік жүйелерді салу жұмыстары жүріп жатыр;
  • GPCI-дың вахталық қалашығында кабельдерді жүргізу, электр аспаптарын, датчиктер мен шкафтарды монтаждау жұмыстары басталды. 140 және 132 орынға арналған жатақхана ғимараттарында ішкі бөлу жұмыстары жалғасуда. 

Басты жұмыстар бойынша көрсеткіштер: 

  • Газды кешенді дайындау қондырғысының іргетасын құю бойынша бетон жұмыстары: 49 997 м³ (прогресс 66,7%)
  • Металл конструкцияларының монтажы: 3 603 тонна (17,8%)
  • Механикалық құрал-жабдықтың монтажы: 4 001 тонна (41,4%)
  • Резервуарлардың монтажы: 782 тонна (28,9%)
  • Жерасты құбырларының монтажы: 16 592 м (40,9%)


28 шілде, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.