
Атырау облысының прокуратурасы экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін North Caspian Operating Company N.V. (НКОК) компаниясын әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Қадағалаушы орган хабарлағандай, тексеру барысында экологиялық рұқсатсыз алауларда шикі газды шамадан тыс жағу фактілері анықталды.
Прокуратураның актісімен, жер қойнауын пайдаланушы ӘҚБТК-нің 356-бабы (Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3,6 млрд теңге экологиялық залал бюджетке толық өндірілді.
Прокуратура компаниялардың жауапты лауазымды тұлғаларын қоршаған ортаны ластауға жол бермеу және экологиялық нормаларды қамтамасыз ету міндеті жүктелген тұлғалардың жауапкершілігін арттыру қажеттігіне назар аударуды ескертеді. Экологияны қорғау мәселесі Атырау облысының прокуратурасының ерекше бақылауында.
В Атырау +1