
Жылыой ауданы Құлсары қаласында қалаішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғыртудың төртінші кезеңі аясындағы ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жобаға ұзындығы 76 шақырымды құрайтын 256 көше қамтылған. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Құрылысқа 200-ге жуық жұмысшы мен механизатор тартылған. Үдеріс қарқынын арттыру үшін қажетті техника толық көлемде іске қосылды: 40 жүк көлігі, 3 асфальт төсегіш, 4 кран, 1 бетон тасымалдаушы, 14 тиегіш, 15 жол тығыздағыш, 10 экскаватор, 5 су тасымалдағыш техника және 6 грейдер.
Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бекет Бозжігітовтің айтуынша, қайта жаңғырту жұмыстары келесі жылға дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр.
В Атырау +3