Атырау, 6 желтоқсан 12:10
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

№30 мектеп‑гимназиясының апатты ғимараты сүрілетін болды

585 рет қаралды

№30 мектептің орнына 600 орындық жаңа білім ордасы салынады.

Жобаны жүзеге асыру 2025–2027 жылдарға жоспарланған.

Жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) дайындау жұмыстары алдағы айларда басталады. Құжаттамаға кететін қаражат көлемі әзірге белгісіз. Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиевтің айтуынша, жобаны қаржыландыру мәселесі облыстық мәслихаттың сессиясында қаралады.

Құрылыс жұмыстарына дайындық жүріп жатқан уақытта №30 мектеп-гимназиясының оқушылары өзге білім беру мекемелеріне уақытша бөлінді: 493 оқушы №19 орта мектепке, 263 оқушы Атырау энергетика және құрылыс колледжіне, 447 оқушы «Алаш» мектебіне ауыстырылды.

Құрылыстың ұзаққа созылуына байланысты оқушыларды 2000 орынға арналған жаңа Binom мектебіне көшіру жоспарлануда. Бұл білім ордасының құрылысы «Ақ шағала» шағынауданында, «Авангард» ықшамауданынан шамамен бір шақырым жерде, Жеңіс саябағына жақын орналасқан. Мектептің құрылысын 2025 жылдың желтоқсан айына дейін аяқтау көзделген.

Айнұр САПАРОВА

25 шілде, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.