
2025 жылғы 26 шілде Азаттық даңғылының Махамбет көшесі мен Ғ.Әліпов көшесінің аралығында орташа жөндеу жұмыстарының басталады.
Осыған байланысты Азаттық даңғылының осы бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлады қала әкімдігі.
Аталған учаскеде қоғамдық көліктердің жүріс бағытында өзгерістер енгізіледі. Өзгерістерге қатысты толық ақпарат және жаңартылған маршруттар қосымша картада көрсетілген.
Әкімдіктегілер қала тұрғындары мен қонақтарына жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты туындаған уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрап, түсіністік танытып, жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
В Атырау +3 
