Атырау, 6 желтоқсан 12:10
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Индер ауданында ашық аспан астында мұражай ашылды

Сурет
571 рет қаралды


Мұражай "Индер-Қарабау" тас жолының бойында орналасқан. 

Тау етегіндегі мұражайдың өзіндік тарихы жетерлік. 1978 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болған Дінмұхамед ҚОНАЕВТЫҢ келген сапарында жергілікті басшылық көшпелі мұражай ұйымдастырып, онда ауданның Менделеев таблицасына енген қазба байлықтарымен таныстырған болатын.

47 жылдан кейін осы жерге мұражай салу құрылысы жүрді. Оған бюджеттен 66 млн 536 мың теңге қаралып, "СК Лира" ЖШС жұмысты атқарып шықты. Мұражайдың кіре берісі Димаш төбе қақпасымен әрленіп, Тұзды көл, Қыз әулие тарихы жазылған тақта орнатылды. Қоршау жұмыстары жүріп, адамдар отыратын күнқағары демалыс орны жасалған. 

Өткен жылдан басталған құрылыс биыл жалғасын тапқан. 

- Енді құжаттарын рәсімдеп, қабылдау жұмысы жүрмекші. Кейін балансқа беріліп, күтімге алынады. Мұражай тұзды көлге барар жолда орналасқандықтан тамашалаушылар да көп. Сол себептен тазалыққа  мұқият мән берсе дейміз,-дейді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Дарын ІЛИЯСОВ. 

Жалпы қазба байлықтың жәдігерлерімен толыққан мұражайдың өзіндік ерекшілігі бар. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 шілде, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.