
Атырау облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолаушы тасымалын бақылауды күшейту мақсатында «Тасымалдаушы» атты жедел-профилактикалық іс-шара өтті.
Үш күнге созылған рейд барысында полиция қызметкерлері көлік инспекциясы, мемлекеттік кірістер органдары және «ҚазАвтоЖол» өкілдерімен бірлесіп, жол ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтауға бағытталған кең ауқымды тексерулер жүргізді.
Атырау облыстық полиция департаментінің инспекторы Айбек Әлімовтің айтуынша, осы аралықта 838 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Оның ішінде:
-
8 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізген,
-
15 жүргізуші қарсы бағытқа шығып кеткен,
-
39 адам жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған,
-
42 жүргізуші көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланған,
-
237 адам қауіпсіздік белдігін тақпаған.
Сондай-ақ, өрескел заң бұзған 45 көлік айыптұраққа қойылып, 6 автокөліктің мемлекеттік нөмірі алынған.
Рейд барысында такси, автобус және шағын автобустар сияқты жолаушылар тасымалдайтын көліктерге заңсыз техникалық өзгерістер енгізу фактілері де анықталған. Негізгі назар рұқсатсыз жолаушы және жүк тасымалымен айналысатын тұлғаларға аударылды.
Полиция департаменті тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жеке және қоғамдық қауіпсіздікке салғырт қарамауға шақырады.
В Атырау +3