Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Франция президенті Палестинаның егемендігін мойындауға дайын

417 рет қаралды
Сурет: afp.com

Франция президенті Эммануэль Макрон алдағы БҰҰ Бас Ассамблеясында Палестина мемлекетін ресми түрде тану туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы BBC ақпарат агенттігі хабарлады.

Макронның айтуынша, Франция Таяу Шығыстағы тұрақтылықты қолдау мақсатында осындай қадамға баруда. Ол өзінің бұл шешімін БҰҰ Бас Ассамблеясының қыркүйек айында Нью-Йоркте өтетін сессиясында жариялайтынын білдірді.

Сонымен қатар, Франция басшысы қарулы қақтығыстарды тоқтатып, тұтқындарды босатуға және Газа секторына гуманитарлық көмек көрсетуге шақырды. Оның пікірінше, ХАМАС-ты қарусыздандыру және Газаны қалпына келтіру де өте маңызды.

Палестина тарапы Францияның бұл шешімін қолдаса, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұған наразылық танытты.

Айта кетейік, бүгінгі күні БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің 140-ы Палестина мемлекетін мойындаған. Олардың қатарында Ресей, Қытай және Еуропа елдері де бар.

25 шілде, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.