
Атырауда TikTok желісінде блогер әйелдің әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбасынан кейін қоғамда қызу пікірталас туды.
Видеода блогер қаладағы қоғамдық орындардың бірінде отырған азаматтарға қатысты жағымсыз пікір білдірген.
- Бір топ сақалды ер адам отыр. Әйелдер сияқты. Түу, жиіркенішті. Олардың әйелдері бұларға қалай төзіп жүр екен? Оларға жаным ашиды. Түскі ас кезінде шай ішіп отыр, қайда жұмыстары? – дейді видео авторы.
Блогердің сөзі желі қолданушыларының наразылығын туғызды. Көптеген атыраулықтар мұндай пікірді тек қорлайтын емес, адам қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін деп бағалап, оны қоғамда этиканы сақтау жөніндегі мәселемен байланыстырды.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қоғамдық орында құқықбұзушылыққа жол берген азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Айнур САПАРОВА
TikTok-тағы видео: zhuldyz.sagiden
В Атырау 0