Атырау, 6 желтоқсан 13:30
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Махамбетте үш мың шабақ құтқарылды

476 рет қаралды

23 шілдеде Махамбет балық инспекциясы бөлімі аудан әкімдігімен бірлесіп, Ортақшыл ауылы маңында балық шабақтарын құтқару жұмыстарын жүргізді. 

Атырау–Индер тас жолы бойындағы Махамбет ауылына шығатын көпір жанында 2024 жылғы су тасқыны кезінде пайда болған жайылма судың бір бөлігі қазіргі уақытта бөлініп, оқшау қалып қойған.  

- Құтқару жұмыстарына 3 техника мен 10 адам жұмылдырылып, су астындағы балық шабақтары сүзгі құралдарының көмегімен сүзіліп алынып, арнайы тонналық бөшкелерге жиналды. Одан кейін көлікке тиеліп, табиғи мекені – Жайық өзеніне жеткізіліп, тірі күйінде жіберілді, Нәтижесінде бүгінгі күні 3000 дана уақ балық шабақтары құтқарылды, - деді Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығыинспекциясының баспасөз қызметі. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

24 шілде, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.