
«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры болып Гайдар Қаналиев тағайындалды.
Жаңа директорды кәсіпорын ұжымына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов таныстырды.
Гайдар Әзбергенұлы Қаналиев 1975 жылы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін мұнай және газ кен орындарын игеру мамандығы бойынша бітірген, сондай-ақ Назарбаев Университетін Executive MBA бағдарламасы бойынша тәмәмдады.
Еңбек жолын «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС газ дайындау цехының технологиялық қондырғысының операторы болып бастады.
Әр жылдары «Өзенмұнайгаз» ӨФ № 2 МГӨБ мұнай-газ өндіру шебері, мұнай-газ өндіру цехының бастығы, «Өзенмұнайгаз» ӨФ-ның № 3 МГӨБ орталық инженерлік-техникалық қызметінің бастығы, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның № 2 МГӨБ директоры, «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС-нің бас инженері болып жұмыс істеді.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақтау қаласындағы Өкілдігінің өндірісті басқару мониторингі департаменті мұнай және газ өндіру басқармасының бастығы қызметін атқарды.
В Атырау +4