Атырау, 6 желтоқсан 13:38
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Мұнай, салық және теңгерімсіздік: Атырау бюджетінің артығымен орындалуының сыры неде?

399 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

Атырау облысы 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 408 млрд теңге салық жинап, республика бойынша үшінші орынға шықты.

Бұл – Алматы мен Астана мегаполистерінен кейінгі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Алайда сарапшылардың айтуынша, салық жоспарының жаппай артығымен орындалуы тиімділіктің емес, керісінше алаңдатарлық жағдайдың белгісі болуы мүмкін.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, еліміздің 13 өңірі салық түсімдері бойынша жоспарды айтарлықтай артығымен орындаған. Атырау облысы жоспардың 120,8 пайызын орындап, Актөбе (134,5%) және Маңғыстау (133,7%) облыстарымен қатар ең жоғары көрсеткіш тіркелген өңірлердің қатарына енді.

Атырау не арқылы табыс табады

Өңірдің фискалдық бейіні оның салалық ерекшелігін көрсетеді — мұндағы салық түсімдерінің едәуір бөлігі мұнай-газ секторы арқылы қалыптасады. Атырау облысы негізгі салық түрлері бойынша елімізде алғашқы үштікте:

Төлемдер құрылымы өңірдің негізгі табыс көзі ретінде корпоративтік салықтар мен ресурстық рентаға тәуелді екенін көрсетеді. Ал формалды сектор мен тұтынушылық салықтардың үлесі мегаполистермен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

  • Жеке табыс салығы – 115,7 млрд теңге (Қазақстан бойынша 3-орын),

  • Әлеуметтік салық – 85,5 млрд теңге (3-орын),

  • Тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар – 83,2 млрд теңге (3-орын),

  • Мүлік салығы – 121,6 млрд теңге (республикада 1-орын).

Мұндай кіріс құрылымы өңірдің корпоративтік салықтар мен ресурстық рентаға тұрақты түрде тәуелді екенін көрсетеді. Ал формалды сектор мен тұтынушылық салықтардың үлесі мұнда мегаполистерге қарағанда айтарлықтай төмен.

Жүйелі мәселелердің белгісі

Көрсеткіштер «жоспар артығымен орындалғандай» көрінгенімен, экономистердің айтуынша, мұндай артық түсімдер көбіне нақты фискалдық әлеуетті дұрыс бағаламаудан туындайды. Бұл бюджет болжамдарының сапасын төмендетіп, қаржы жүйесінде кассалық үзілістерге себеп болады.

Қаржы саласының мамандары бюджет «артынан еріп жүретін құжат» болмауы керек екенін баса айтады. Тиімділікті арттыру үшін жоспарлау кезінде әр өңірдің салалық құрылымы, маусымдық ерекшеліктері және салық төлеушілердің мінез-құлқы ескерілген нақты әрі аналитикалық негізделген болжау жүйесіне көшу қажет.

24 шілде, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.