
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да (ҚМГ) «Қаламқас-теңіз — Хазар» жобасының операторы «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС (ККО) компаниясының «Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық» Қауымдастығына (IMB орталығы) қосылуы туралы келісімге қол қойылды.
ККО-ның IMB орталығына қосылуы туралы шешімді жоба қатысушылары — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ бірлесіп қабылдады.
Қазақстанда 2021 жылы құрылған халықаралық орталық еліміздегі ірі мұнай — газ операторлардың, атап айтқанда «Теңізшевройл» (ТШО), «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО), «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) басын біріктіреді. Қауымдастық талаптарды стандарттау, локализациялауға сараптамалық қолдау мен талдау, техникалық ақпараттармен алмасу және отандық өндірушілер үшін жол карталарын әзірлеу арқылы мұнай-газ саласындағы жергілікті қамтуды дамытуға жан-жақты көмек көрсетеді.
IMB орталығына ККО сияқты жаңа компанияның қосылуы елішілік құндылықты ілгерлетуге қосымша серпін береді. Келісім «Қаламқас-теңіз — Хазар» жобасының операторына отандық өндірушілер туралы жаңартылған деректер базасын пайдалануға, локализациялаудың үздік тәжірибелерімен танысуға және Қазақстандағы машина жасайтын компанияларымен өзара тікелей байланыс орнатуға мүмкіндіктер ұсынады. Бұл өз кезегінде еліміздегі жұмыспен қамту көрсеткішінің өсуіне және өндіріс қуатының артуына жағдай жасайды.
— «Kalamkas-Khazar Operating» компаниясының IMB орталығына қосылуы — біздің отандық өндірушілерді қолдау және ірі мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру үшін тұрақты жеткізу тізбегін қалыптастыру бойынша стратегиялық ұстанымға берік екеніміздің жарқын дәлелі. Ол қазақстандық бизнестің ғана емес, жалпы ұлттық экономиканың дамуына ықпал етеді, — деді ҚМГ басшысы Асхат Хасенов.
В Атырау +4