Атырау, 5 желтоқсан 07:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

KPI-дағы төбелес: Бас механик пен метролог сөзге келді

494 рет қаралды

Әлеуметтік желіде "KPI" ЖШС газ-химия кешенінде жанжал болғаны туралы видео тарады.

Алдын ала мәлімет бойынша, төбелескен жұмысшылар емес, басшылық өкілдері - бас механик Ардақ Қожасов (ҚМГ тарапынан) және бас метролог Рафаэль Шарифуллин (СИБУР тарапынан) екен.

Оқиға 20 шілдеде аяқталуы тиіс болған жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылғаны аясында орын алған секілді. Әлеуметтік желіде бұл келіспеушілікке реакциялық газ компрессорының істен шығуы себеп болған деген болжам айтылады. Құрылғының ішіне ауыр көмірсутектер түсіп, оның кептеліп қалуына әкеп соққан делінеді. Ақау жойылғанша өндіріс тоқтап тұрады-мыс.

Бейресми дерек бойынша, Қожасов мұрнынан жарақат алған, ал Шарифуллин жеңіл дене жарақаттарын алған.

Кәсіпорынның баспасөз қызметі бұл оқиға туралы әзірге ешқандай ақпарат берген жоқ.

"KPI" ЖШС газ-химия кешені "ҚазМұнайГаз", "Сибур" ЖАҚ, SK Ondeu және "Фирма Алмэкс Плюс" ЖШС кіретін консорциумға тиесілі.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

23 шілде, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.