Атырау, 6 желтоқсан 13:36
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырау облысында жаңа тоқыма өндірісі іске қосылды

463 рет қаралды

Облыста тоқыма полипропиленнен геотекстиль өнімдерін шығаратын жаңа кәсіпорын өз жұмысын бастады,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникация қызметі.

Жабдықтарды іске қосу және бейімдеу кезеңінің сәтті аяқталуына байланысты қазір кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы айына 400 мың м² тоқыма полипропиленнен жасалған геотекстиль өнімін құрайды. Алдағы уақытта бұл көлемді екі есеге дейін, яғни, 900 мың м²-ге жеткізу жоспарлануда. Өнім жол құрылысы, теміржол, іргетас нығайту, су сүзу жүйелері мен ауыл шаруашылығы салаларында кеңінен қолданылады.

- Цехта жол құрылысына, дренаж жүйелеріне және топырақты нығайтуға арналған полипропилен негізіндегі мата өндіріледі. Өнім рулон күйінде ұсынылады: тығыздығы – 100-200 г/м², ені – 1,5-5 метр аралығында. Қазір тоқыма технологиясы қолданылса, болашақта экструзия және ламинация арқылы беріктігі мен суға төзімділікті арттыру жоспарлануда. Еңбек қауіпсіздігіне баса мән беріліп, қызметкерлер арнайы оқытудан өтеді және қорғаныс құралдарымен толық қамтылған. Кәсіпорында түрлі жастағы, соның ішінде тәжірибелі мамандар мен жас түлектер еңбек етуде,- деді «Талшыктекс» тоқыма өндіріс орны мен полипропилен мата шығаратын цехтың директоры Амангелді Бейманов

 


Негізгі шикізат — полипропилен жібі. Ол Ақтөбе қаласынан тасмалдануда. Алдағы 2-3 ай көлемінде қажетті жабдықтар жеткізілгеннен кейін, кәсіпорын жіпті жақын орналасқан KPI зауытынан алынатын шикізат негізінде өздері өндіретін болады. Қазір цехта үш станок тұрақты жұмыс істеп тұр, ал төртіншісі орнатылу үстінде. Кәсіпорын өндірістік тізбекті толық қамтып, үлкен көлемді қаптар мен вагон ішіне арналған қаптама жабындар нарығына шығуды көздейді. Жыл соңына дейін үшінші ғимаратты іске қосу жоспарланған.

23 шілде, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.