Атырау, 5 желтоқсан 08:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

"Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ жаңа тағайындау

392 рет қаралды
Сурет: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақтау қаласындағы Өкілдігінің атқарушы директоры болып Дәурен Мұратбай тағайындалды.

Дәурен Мұханбетұлы 1988 жылы Маңғыстау облысы Ақтау қаласында дүниеге келген.

Дәурен Мұханбетұлы Мұратбай әр жылдары «Amanat Professional Construction Company» ЖШС бас директоры, «Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «GMK4 Group» ЖШС бас директоры, «Amanat GeoBuildGroup» ЖШС атқарушы директоры қызметтерін атқарды. 

2024 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚМГ-ның еншілес кәсіпорны «Oil Construction Company» ЖШС бас директоры болып жұмыс істеп келеді.

Дәурен Мұратбай екі қызметті қатар атқарады: ҚМГ Ақтау қаласындағы өкілдігінің атқарушы директоры және «Oil Construction Company» ЖШС бас директоры.

23 шілде, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.