Атырау, 6 желтоқсан 13:39
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Құрманғазыда «Lotus Fest – 2025» халықаралық фестиваліне дайындық қарқын алды

373 рет қаралды

Құрманғазы ауданында өтетін «LOTUS FEST – 2025» халықаралық фестиваліне дайындық қызу жүріп жатыр. Туристік инфрақұрылымды дамыту және экотуризмді кеңейту бағытында бірқатар жұмыстар жүзеге асқан. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Негізгі атқарылған шаралар

Лотос алқабын тамашалау үшін жүзбелі платформалар орнатылған. Бұл құрылымдар арқылы қонақтар лотос гүлдерін жақыннан көріп, суретке түсе алады.

Көпір жарықтандырылып, кешкі уақытта қауіпсіздік пен көркем атмосфераны қамтамасыз ететін шамдар орнатылған.

Теңіз ауылындағы жағажай абаттандырылды. Жұмыстар инклюзивті туризм қағидаттарына сай атқарылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасалған.


Бақша-саябақ мүсіндері орнатылып, фестивальге келген туристер үшін ерекше фото-аймақтар пайда болды.

Демалысқа арналған беседкалар қойылып, табиғат аясында көлеңкелі жайлы орындар қонақтар игілігіне ұсынылды.

- Аталған шаралар «LOTUS FEST – 2025» фестивалінің жоғары деңгейде өтуіне және Құрманғазы ауданының туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске салсақ 26 шілде күні Құрманғазы ауданында лотос халықаралық фестивалі өтетінін хабарлаған едік.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

23 шілде, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.