Атырау, 26 қараша 04:47
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мерген әрі биші Руслан

1 898 просмотра

Біз «Атырау облысы мүгедектерінің спорттық клубы» КМК нұсқаушысы Руслан АЙТБАЕВПЕН (суретте) тирде кездестік. Мерген пневматикалық қарумен 10 метр жерден 5 теңгелік тиындарды атып жатыр екен. 5 тиынның4-ін атып түсірді. Керемет нәтиже.

- Бірде маған жұмысқа достарым келген, мен оларға қалай ататынымды көрсеттім. Стандартты нысананың қара шеңбері 100 теңгелік тиыннан бір жарым есе артық. Олар менен 5 теңгелік тиынды атып көруімді сұрады. Тигіздім. Содан бері осымен дұрыс шұғылданып жүрмін. Сонымен қатар, топ жинақтап, атуға үйретіп жүрмін.

Жас күнінде Русланға бұзақылар шабуыл жасап, арқасы мен ішіне бірнеше рет пышақ салған. Ол тірі қалды, алайда сол кезден бері арбаға таңылды. Бұл адамның ерік-жігеріне таң қалуға болады. Мылтық атумен қатар, ол бимен де шұғылданады. Екі салада да үлкен нәтижелерге қол жеткізген: ол спорттық биден және атудан ел чемпионатының күміс жүлдегері.

- Арба үстінде билеумен 2009 жылдан бері, ал кәсіби деңгейде өткен жылдан бері «Аэлита» клубында шұғылданамын, - дейді Руслан. – Менің жаттықтырушыларым – Нұрлан және Лидия Мұқановтар. Ал жарыстарда жұптасым ретінде Іңкәр ҚАЙЫРЛИЕВА билейді. Ол маған көп көмектеседі, алайда бидің негізін өзім орындаймын. Осы бидің арқасында мен арқамды өзім тіктеп, жерге түсіп қалған затты еңкейіп өзім көтере аламын...

Үстіміздегі жылдың 12 мамырында Атырауда бірінші рет арба үстінде билеуден Қазақстан кубогы өтті. Руслан Айтбаев пен Іңкәр Қайырлиева оның иегері атанды. Осы турнирден соң үш күн өткеннен кейін бұл жұп Қазақстанның мүгедектер спартакиадасында 3-орын алды. Руслан мен Іңкәрға медаль ұсынып тұрып, ҚР Спорт және дене тәрбиесі істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Тастанбек ЕСЕНТАЕВ осы жұпты Сочиде өтетін Паралимпиадалық ойындарда көргісі келетінін айтты. Бұл дүбірлі дода бағдарламасына арба үстінде билеу енгізілген.

- Біздің спорт клубында мүгедектер спорттың кез келген түрімен айналысады, - дейді Руслан. – Мен қазір би мен пневматикалық қарудан оқ атумен қатар садақ тартумен де шұғылданамын. Сонымен қатар өзімді пауэрлифтингте, яғни жатып штанга көтеруде сынағым келеді. Осылайша, бір күні аяғымнан тұрып кетермін.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

5 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.