Атырау, 23 шілде 07:46
 дождьВ Атырау +23.3
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96

Ердоған: «ЕО-ға тек Түркия жол көрсете алады»

542 рет қаралды
Сурет: Getty Images

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Еуроодаққа мүше болу мәселесін қайта көтеріп, Анкараның стратегиялық маңызын атап өтті. Оның айтуынша, Түркия ЕО-дағы ішкі қайшылықтар мен өңірлік сын-қатерлер кезінде «динамикалық әрі шешімді серіктеске» айналмақ, деп хабарлады Korrespondent.net.

Ердоған Брюссельді Түркияның ЕО-ға кіруіне кедергі келтіретін саяси тосқауылдарды алып тастауға шақырды. Ол бұл мәселені Түркияның Солтүстік Кипрге жасаған әскери операциясының 51 жылдығына арналған іс-шарада қозғады.

Президент мәлімдемесінде:

«Еуропада либералды демократия әлсіреп, ЕО тұйыққа тірелді. Бұл дағдарыстан тек Түркия ғана алып шыға алады», – деді.

Айта кетейік, Түркия 1999 жылдан бері ЕО-ға үміткер ел. Бірақ 2016 жылы саяси себептермен келіссөздер тоқтатылған.

22 шілде 2025, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.