Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Талибтер хиджабты «дұрыс кимегені» үшін әйелдерді жаппай қамауға алды – БҰҰ дабыл қақты

354 рет қаралды
Авторлық құқық: AP Photo

Біріккен Ұлттар Ұйымы "Талибан" қозғалысының Ауғанстанда әйелдер мен қыздарды сыртқы киім нормаларын бұзды деген айыппен тұтқындауына байланысты қатты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Евронью́с.

БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясы 16–19 шілде аралығында Кабулда "хиджаб кию ережелеріне сай киінбеді" деп саналған көптеген әйелдер мен қыздардың тұтқындалғанын мәлімдеді. Дегенмен, миссия бұл оқиғаға қатысты нақты сан, жас мөлшері немесе олардың қайда ұсталып жатқаны жайлы мәлімет бермеді.

«Мұндай жағдайлар әйелдер мен қыздарды одан әрі оқшаулап, қорқыныш ахуалын туғызады және қоғамның сенімін әлсіретеді», – делінген мәлімдемеде.

БҰҰ "Талибан" үкіметін әйелдер мен қыздардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын шектейтін барлық саясаттар мен тәжірибелерді жоюға, соның ішінде алтыншы сыныптан кейін білім алуға тыйымды алып тастауға шақырды.

2022 жылдың мамырында "Талибан" билігі әйелдерге тек көздерін ғана көрсетуге рұқсат беріп, оларды бастан аяққа дейін бүркейтін паранджа киюге міндеттейтін жарлық шығарды.

2024 жылдың қаңтарында Ауғанстанның "нәпсі мен ізгілік министрлігі" "хиджабты дұрыс кимегені" үшін әйелдерді қамауға алғанын хабарлаған болатын. Бірақ министрлік өкілі Абдул Ғафар Фарук қанша әйел тұтқындалғанын немесе «дұрыс емес хиджаб» ұғымы нені білдіретінін нақтыламады.

2021 жылы АҚШ пен НАТО әскерлерінің елден кетуінен кейін билікке келген талибтер әйелдерге арналған көптеген шектеулер енгізді. Олар өздерінің қатаң шариғат заңдарын орнатып, халықаралық мойындалуға ұмтылып келеді.

22 шілде, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.