Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Трамп Иранға жаңа соққылар жасауға дайын екенін мәлімдеді

323 рет қаралды
Сурет: Annabelle Gordon / Reuters

АҚШ бұрынғы президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде, егер қажет болса, Америка Құрама Штаттары Иранның ядролық нысандарына қайта соққы жасай алатынын айтты, деп хабарлайды Коммерсантъ.

«Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи ирандық ядролық объектілер туралы: "Зақым өте ауыр, олар жойылды". Әрине, солай, мен бұған дейін де айтқанмын. Егер қажет болса, тағы қайталаймыз!», — деп жазды Трамп.

21 шілде күні Fox News телеарнасына берген сұхбатында Аббас Аракчи АҚШ соққыларынан кейін Иранда уран байыту тоқтағанын, себебі «айтарлықтай залал келгенін» айтты. Дегенмен, ол Иран болашақта уран байытудан бас тартпайтынын атап өтті.

АҚШ 22 маусымда Иранның ядролық нысандарына соққы жасаған болатын. CNN телеарнасы АҚШ барлау қызметінің мәліметіне сүйеніп, бұл соққылар Иранның ядролық бағдарламасының негізгі құрамдастарын жоймағанын хабарлады. Ал бүгінгі жазбасында Трамп CNN-ді «жалған репортерін» жұмыстан шығаруға және ӘӘК ұшқыштарынан кешірім сұрауға шақырды.

22 шілде, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.