Атырау, 6 желтоқсан 13:30
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

«Мопед» іс-шарасы Атырауда: мас жүргізуші мен алты жасөспірім анықталды

333 рет қаралды
Видеодан алынған кадр

Атырау қаласы аумағында 19-22 шілде аралығында өткізіліп жатқан «Мопед» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жалғасуда. 

Іс-шара барысында 20 шілде күні сағат 22:25 шамасында Жарбосынов және Тайманов көшелерінің қиылысында мопед жүргізушісі тоқтатылып, тексеру барысында 1972 ж.т. азаматтан алкоголь иісі сезілген. Медициналық сараптама қорытындысы нәтижесінде жүргізушінің жеңіл дәрежеде мас күйде көлік басқарғаны анықталды. 

Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотқа жолданды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында жол қозғалысы ережесін бұзған 6 жасөспірім мопед жүргізушісі анықталып, көлік құралдары айып тұрағына қойылды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау — әрбір жүргізушінің азаматтық борышы екенін тағы да ескертеді полиция қызметкерлері. 


22 шілде, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.