
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында республикалық маңызы бар жолдарда патрульдік полиция ротасының қызметкерлері дрон арқылы жол қауіпсіздігін бақылауды күшейтті.
Доссор-Бейнеу бағытындағы жолда автокөліктер тоқтатылып, жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, дрон әуе камерасы арқылы көлік құралдарының қарсы бағытқа шығуы, авариялық жағдай туғызу, маневр жасау ережелерін бұзу сияқты жол қозғалысы ережесін бұзу деректері де анықталуда. Мәселен, жолдың қарсы бағытына шығып, басып озу дерегі бойынша 10-ға жуық автокөлік анықталып, жүргізушілерге қатысты тиісті іс-құжаттар жинақталды.
Бұдан бөлек, LED және ксенон жарық шамдарын орнатқан Volkswagen Polo автокөлігі тоқтатылып, жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы, 7-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция ескертеді: әрбір жол қозғалысына қатысушы – өз өмірі мен өзгенің өміріне жауапты. Жүргізушілерге жылдамдықты шамадан тыс асырмай, қауіпсіздік белдігін тағып жүруді, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолданбауды және жол ережелерін қатаң сақтауға кеңес беріледі.
В Атырау 0