Атырау, 6 желтоқсан 14:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырау жастары ағылшын және түрік тілдерін таңдайды

Бейнежазба
379 рет қаралды
Видеодан скриншот

Атырау қаласында 300 жас ағылшын және түрік тілін меңгеріп, арнайы сертификатқа ие болды. Бұл – облыстық Ішкі саясат басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының бірлескен жобасының нәтижесі, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

14 пен 35 жас аралығындағы жастарға арналған тегін курстар 2022 жылдан бері өтіп келеді. Қазіргі таңда ағылшын тілі — Beginner, Elementary, Pre-Intermediate деңгейлерінде, ал түрік тілі — A1 және A2 сатыларында оқытылады.

Ақпараттық талдау және NEET жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Ақдидар Кабекенованың айтуынша, жоба басталғалы бері 200-ден астам жас тілді меңгеріп шықса, биылғы көрсеткіш – 300 адам. Ал келесі кезеңде ауыл жастарын қамту көзделіп отыр.

— Мақсат – жастарға шет тілін үйренуге мүмкіндік беру арқылы олардың жеке дамуына жол ашу. Жоба жастар арасында үлкен сұранысқа ие, — деді ол.

Курс түлектерінің арасында өз білімін өзгелерге үйретіп жүргендер де бар. Соның бірі – 10-сынып оқушысы Әсемай Мукинова. Ол екі жыл қатарынан курстан өтіп, бүгінде 30-ға жуық адамға ағылшын тілінен сабақ беруде.

— Бұл мен үшін үлкен мүмкіндік болды. Қазір жастар әр мүмкіндікті тиімді пайдаланып, дамуға ұмтылуы керек, — дейді Әсемай.

Жоба аясында биыл тағы 500 жасқа дейін қамту жоспарлануда.


22 шілде, 00:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.