Атырау, 6 желтоқсан 14:50
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда жаңа ойын алаңында бала жарақат алды

699 рет қаралды

Атырауда Исатай-Махамбет алаңына орнатылған балалар алаңында бес жасар бала басынан жарақат алды. 

Анасының айтуынша, бала тербеліп тұрған әткеншектен қашамын деп құлап, металл қоршауға соғылған. Дәрігерлер басындағы жарақаты тігіп, таңып берді, қазір ол үйде.

Зардап шеккен баланың анасы Ақерке Алдиярова балалар нысандарындағы қауіпсіздік мәселесін қайта қарауды талап етіп, әкімдікке жүгінбекші.

Бұған жауап ретінде әкімдіктің баспасөз қызметі ойын алаңы барлық қажетті тексеруден өткенін және белгіленген нормаларға сәйкес келетінін мәлімдеді. Шенеуніктер болған оқиғаға баланы қараусыз қалдырған ата-ана кінәлі болуы мүмкін деп отыр.

Айгүл МАНСУРОВА

21 шілде, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.