Атырау, 6 желтоқсан 14:50
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

"Атырау-Жарық" Индер ауданындағы ауылдарға жарықты толық берді

458 рет қаралды

16-20 шілде аралығында Атырау облысы Индер ауданы бойынша бірқатар елді мекенде электр жарығының өшті. 

Бұл туралы "Атырау-Жарық" ЖШС баспасөз қызметі хабарлады. 

Жаңбыр жауып, найзағай дауылды желдің салдарынан 16 шілде күні сағат 16:15-те Жарсуат, Бөдене,Құрылыс, Өрлік, Есбол және Көктоғай елді мекендерін электр энергиясымен  қамтып отырған 35кВ әуе желісі апаттық жағдайда өшті.

Осыған орай «Атырау Жарық» ЖШС қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс жасады. Оған Индер АЭЖ-нан 2 жедел –жөндеу бригадасы мен 6 дана арнайы бригадалық автокөлік жұмылдырылып,  ақау жөнделді. 16 шілде сағ 23:30 шамасында тұрғындарға толықтай  жарық берілді

20 шілде күні сағ 14:48-де Елтай, Аққала және Ынтымақ елді мекендерін электр энергиясымен қамтып отырған 10кВ әуе желісінде апаттық жағдай орын алды. 

Авариялық электр энергиясын ажыратуды болдырмау және электр энергиясын ұзақ уақыт ажыратуды болдырмау мақсатында «Атырау Жарық» ЖШС қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс жасап жасады. Аталған елді мекендерге уақытылы электр энергиясын беру мақсатында Индер АЭЖ мамандары шығарылып, резервтік түрде сағ 21:30-да Аққала және Елтай елді мекендеріне жарық берілді.

Қазіргі уақытта Индер АЭЖ бойынша 2 жедел–жөндеу бригадасы мен облыстық орталық әуе желісі мамандары келіп (ЦС ЛЭП), 6 дана арнайы бригадалық автокөлік жұмылдырылып,  ақауды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір Индер ауданы бойынша қазіргі таңда барлық жеке үйлер мен кәсіптік нысандарда толықтай жарық бар.

21 шілде, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.