
Атырау облысында орналасқан Сарайшық қалашығы (XIII–XVI ғасырлар) республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің жаңартылған Мемлекеттік тізіміне енгізілді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің тиісті бұйрығына 2025 жылдың 11 шілдесінде қол қойылды және ол 29 шілдеден бастап күшіне енеді.
Жаңартылған тізімге еліміз бойынша 276 ескерткіш, яғни көне археологиялық кешендерден бастап, тарихи, мәдени және сәулеттік құндылығы бар XX ғасыр ғимараттарына дейін енгізілді. Тізімге Бозоқ (Астана), Сайрам (Шымкент), Тараз (Жамбыл облысы) қалашықтары, Таңбалы петроглифтері (Алматы облысы), кесенелер, көне мешіттер, мұражай үйлері, оқу орындарының ғимараттары және басқа да маңызды нысандар кірді.
Атап айтқанда, Алматыда 34 нысанға республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесі берілді. Олардың қатарында Ғылым академиясының ғимараты, «Медеу» спорт кешені, Ықылас атындағы халық музыка аспаптары мұражайының ғимараты және Вознесенск кафедралық соборы бар.
Сарайшықтың бұл тізімге енгізілуі оның Қазақстан үшін маңызды тарихи және мәдени нысан ретіндегі орнын айрықша көрсетеді.
В Атырау 0