Атырау, 16 ақпан 03:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

​Атырау облысындағы колонияда «Супер ана» байқауы өтті

548 рет қаралды
Сурет: Атырау облыстық ҚХА

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №79 мекемесінде «Супер ана» атты ерекше әрі әсерлі байқау өтті. Шараға жазасын өтеуші әйелдер қатысты.

Іс-шараның мақсаты – әйелдердің қоғамға қайта бейімделуіне қолдау көрсету, шығармашылық қабілетін ашу және өмірге деген мотивациясын арттыру.

Байқау төрт номинация бойынша өтті: өзін-өзі таныстыру, шығармашылық өнер көрсету, сәндік дефиле, қамыр илеу сайысы.

Әр қатысушы өз даралығын көрсетіп, ананың адам өміріндегі рөлінің маңызын жеткізуге тырысты.

Ұйымдастырушылар: №79 мекемесі, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ және Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Алтын Шаңырақ» аналар кеңесі.

– Мұндай шаралар аналардың жүрегіне жылу сыйлайды және әйел мен қоғам арасындағы байланысты қайта қалпына келтіруге көмектеседі. Бұл жай ғана байқау емес, толыққанды өмірге оралудың бір қадамы, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар мен жеңімпаздар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

21 шілде 2025, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.