
Атырау облысында 2025 жылға арналған Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында шамамен 31 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Оның 23 мыңы тұрақты жұмыс орындары болады, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жыл басынан 1 шілдеге дейін облыста 11 244 жұмыс орны құрылып, оның 5 мыңға жуығы тұрақты жұмыс орындары болды. Ұлттық жобалар мен даму тұжырымдамалары аясында 2 531 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда 56 жоба бойынша 1 163 жұмыс орны құрылды.
Облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Хасановтың айтуынша, биыл әлеуметтік қолдау шаралары арқылы 42 мың адам қамтылады. Оның ішінде 10 мыңнан астамы ваканттық жұмыс орындарына, 2 639 адам қоғамдық жұмыстарға, 2 283 адам жастар практикасына, 478 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 1 500 адам «Күміс жас» жобасына бағытталады.
Жыл басынан бері 35 мыңға жуық адам мансап орталықтарына жүгініп, 20 244 адам әлеуметтік қолдаумен қамтылды. 8 237 адам жұмысқа орналастырылып, оның 2 984-і тұрақты жұмысқа, 5 253-і субсидияланатын жұмыс орындарына тартылды.
Сонымен қатар, онлайн оқудан 2 153 адам өтіп, 1 893-і сертификат алды. «Бастау-Бизнес» жобасына 1 331 адам қатысып, 98 адам жұмысқа орналасты, 58-і грант, 96-сы жеке кәсіпкер мәртебесін алды. Маусымда 144 адам 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грант иегері атанды.
2025 жылдың 1 шілдесіне дейін 13 401 жас жұмыспен қамтуға жүгініп, оның ішінде 3 083-і жұмысқа орналасты, 6 515-і кәсіптік бағдар алды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 2 344 адам қатысып, 587-сі жұмысқа орналасқан.
В Атырау 0