Атырау, 5 желтоқсан 08:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Түнгі режим, қауіпсіздік және 360 арнайы техника: ​Атыраудағы ГӨЗ құрылысының барысы

384 рет қаралды

QazaqGaz басшылығы Қашағандағы ГӨЗ құрылысына апталық инспекция жасады.

“QazaqGaz” ҰК”АҚ басқарма төрағасының жаңа жобалар бойынша орынбасары Батыржан Тергеусізов және HSE Департаментінің директоры Алтай Джакубалиев Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылыс барысына инспекция жасады. 

Бүгінгі таңда құрылыс алаңына 1900 астам адам, 360 жуық техника жұмылдырылған. Басты назар өнеркәсіптік және өрт сөндіруді қамтамасыз ету және түнгі уақыттағы жұмысты ұйымдастыруға аударылған. Түнгі ауысымға 130 жуық жұмысшы тартылған. 

Басты жұмыстар бойынша көрсеткіштер: 

  • Газды кешенді дайындау қондырғысының іргетастарын құю бойынша бетон жұмыстары: 49 321 м³ (прогресс 65,8%)
  • Металл конструкцияларының монтажы: 3 476 тонн (17,4%)
  • Механикалық құрал-жабдықтың монтажы: 3 881 тонн (40,2%)
  • Резервуарларды монтаждау: 772 тонн (28,5%)
  • Жерасты құбырларының монтажы: 16 294 м (40,2%)

Бүгінгі таңда іргетас құю, металл конструкцияларын, құрал-жабдықтарды монтаждау, РВС-5000 және РВС-1000 және 600м3 резервуарларын жинау жұмыстары жүруде. Көлемі 8000м3 резервуар жинағыштың гидравликалық сынағы аяқталды; градирни резервуарларының гидравликалық сынақтары жүруде; НВК-2 (сыртқы су құбырлары және кәріз жүйелерінің сыртқы жүйесі) салу жұмыстары жүріп жатыр.  Вахталық қалашықтың аумағында кабельдерді жүргізу, электр аспаптарын, датчиктерді, шкафтарды монтаждау, сонымен қатар, 140 және 132 орынға арналған GPCI-дың вахталық қалашығының ішін бөлу жұмыстары жүруде. 

21 шілде, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.