
Журналист Михаил Козачков полиция қызметкерлерінен қашуға тырысқан Құлсары тұрғыны түсірілген бейнежазба жариялады.
Видеода құқық қорғаушылар ақ түсті автокөлікті тоқтатқанын көруге болады. Жүргізуші көліктен түсіп, полиция қызметкерлеріне жақындайды, біраз уақыттан кейін қашып, жолда айғақ заттарды шөптің арасына лақтырып жібереді.
Атырау облысы Полиция департаменті бейнежазбадағы адамға қатысты есірткі сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті қашып кетуге тырысқанымен, полиция қызметкерлері оны ұстап алды.
Айғақ заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жомарт ӘМІРХАНОВ
В Атырау 0