
17 шілдеде облыстық сот бұрынғы қызметкер Қадырбек Табылдиевке қатысты KazGlobalSolution компаниясының апелляциялық шағымын қарады.
Апелляциялық сот отырысы онлайн форматта өтті.
Қарау қорытындысы бойынша сот Атырау қалалық сотының 31 наурыздағы шешіміне ішінара өзгеріс енгізді. KazGlobalSolution компаниясының апелляциялық шағымы қанағаттандырылды: Қадырбек Табылдиевтің жұмыстан шығарылуы заңды деп танылды. Осыған байланысты сот оны бұған дейін мәжбүрлі жұмыссыз жүргені үшін төленген 1,8 миллион теңгені компанияға қайтаруға міндеттеді.
Сонымен қатар, моральдық зиян үшін 100 мың теңге және кәсіподақ өкілінің қызметіне 350 мың теңге төлеу туралы шешім өзгеріссіз қалдырылды.
Қадырбек Табылдиев бұл шешімге қатысты таңданысын білдіруде: оның айтуынша, сот жұмыстан шығаруды заңды деп танығанымен, моральдық зиян үшін төленетін өтемақыны жоюдан бас тартқан.
— Қойылған талаптардың көпшілігі қанағаттандырылмады, тек моральдық зиян, өкіл шығындары және мемлекеттік баж салығының бір бөлігі ғана қалдырылды, — дейді ол. — Мен судьядан неге моральдық зиян бойынша өтемақы қалдырылғанын сұрадым. Ол: «Сен екі ай жұмыссыз болдың, өйткені заңсыз жұмыстан шығарылдың», — деп жауап берді. Соттың өзі жұмыстан шығаруды заңды деп таныды ғой. Бұл — қарама-қайшылық.
Енді Табылдиев бұл шешімге қатысты Жоғарғы сотта шағымданбақ.
Бұған дейін, 31 наурызда, Атырау қалалық соты Табылдиевтың жұмыстан шығарылуын заңсыз деп танып, жұмыс берушіні оны қызметіне қайта алуға және бірқатар өтемақыларды: – 1,8 миллион теңге – мәжбүрлі жұмыссыздық үшін, – 100 мың теңге – моральдық зиян үшін, – шамамен 4 миллион теңге – жалақыны кешіктіріп төлегені үшін, – 350 мың теңге – кәсіподақ өкілінің қызметіне төлем ретінде төлеуге міндеттеген болатын.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау 0