Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ережені бұздың ба – Грузияны ұмыт: қазақстандықтарға виза ережесін бұзғаны үшін кіруге шектеу қойылады

601 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет

Грузияда 2025 жылдың 1 қазанынан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске визалық режимді бұзған шетелдіктерге қатаң санкцияларды көздейтін түзетулер енгізіліп, күшіне енеді, деп хабарлайды Sputnik Грузия.

Қазіргі уақытта Еуропалық Одақ елдерін, Ресей, Украина, Беларусь, Түркия, Әзербайжан және Арменияны қоса алғанда, 95 елдің азаматы Грузияға визасыз бір жылға дейін келе алады. Алайда бұрын бұзушылар елден шығу кезінде шағын айыппұлмен құтылып, елге іс жүзінде бірден қайта орала алатын еді.

Енді бәрі өзгереді:

  • 3 айға дейін кешіктіру: 180-нің орнына 1000 лари айыппұл, 6 айға кіруге тыйым салынады.
  • 1 жылға дейін кешіктіру: 360-тың орнына 2000 лари айыппұл, 2 жылға кіруге тыйым салынады.
  • 1 жылдан астам кешіктіру: 3000 лари айыппұл, 3 жылға кіруге тыйым салынады.

Сондай-ақ, Грузияда шетелдіктердің заңсыз болуына ықпал ететін жеке және заңды тұлғаларға 2000 лари айыппұл салынады.

Билік жаңа нормалардың мақсаты көші-қон ағындарын ретке келтіру және визалық режимді бұзушылықтар санын қысқарту екенін баса айтады. Басқа елдердің азаматтарына болу мерзімдерін мұқият қадағалап, қажет болған жағдайда мерзімін ұзартуды алдын ала ресімдеуге кеңес беріледі.

18 шілде, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.