Атырау, 6 желтоқсан 14:53
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырауда күдіктіден 16 келіден астам қарасора тәркіленді

556 рет қаралды
Сурет: Polisia.kz

Атырауда күдіктіден 16 келіден астам қарасора тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру шарасы кезінде қарасора өсірген және кептірілген өсімдік заттарын сақтаған 40 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде 45 дана есірткі өсімдігі және және тоңазытқыштан ерекше иісі бар кептірілген өсімдік заттары табылып, тәркіленді. Алынған заттар салмағы 16 келіден асатын қарасора екені анықталды.

Аталған дерек ҚК-тің 300-бабының 3-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

18 шілде, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.