
17 шілдеге қараған түні сағат 00:00-ден 09:00-ге дейін газдың концентрациясы жекелеген аудандарда нормадан 1-5,2 есе асып кетті.
Міне, асып кеткен учаскелер:
- №103 «Шағала» — 7 жағдай;
- №109 «Восток» — 7 жағдай;
- №110 «Привокзальный» — 11 жағдай;
- №111 «Жилгородок» — 6 жағдай;
- №112 «Әкімдік» — 12 жағдай;
- №113 «Авангард» — 4 жағдай;
- №114 «Загородная» — 11 жағдай;
- «Химпоселок» — 1 жағдай.
Қала тұрғындарынан жағымсыз иіске байланысты көптеген шағымдардың түсуіне байланысты экология департаменті мен Қазгидрометтің облыстық филиалының мамандары 17 шілде күні ауаға өлшем жасады, деп хабарлады экология департаменті.
Нәтижесі алаңдатып отыр:
- «Квадрат» булану алаңында күкіртсутегі нормасының 22 есе асып кеткені тіркелді;
- Канализацияның бас сорғы станциясында (КОС) — 5 есе асып кетті.
Осыған байланысты экология департаменті тұрғын үй массивтерінің аумағында ауаның ластануына жол берген "Атырау Су Арнасы" МКК-ға қатысты тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде кәсіпорын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жинақталған материалдар одан әрі шара қабылдау үшін Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді деп қосты ведомство өкілдері.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау +1