Атырау, 5 желтоқсан 08:22
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Палестина билігі Израильге халықаралық қысым көрсетуге шақырды

384 рет қаралды

Палестина Министрлер Кабинеті Израильдің салықтық түсімдерді аударудан бас тартуына байланысты денсаулық сақтау мен білім беру салаларында дағдарыс туындағанын мәлімдеді, деп хабарлады АА.

Мәліметке сәйкес, Израиль Палестина тарапына тиесілі салық пен кедендік алымдарды бірнеше айдан бері тоқтатып отыр. Бұл бюджет кірісінің шамамен 65 пайызын құрайды. Салдарынан мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы қысқарып, ауруханалар мен мектептердің жұмысы уақытша тоқтауы мүмкін.

Палестина тарапы Израиль 3 миллиард доллардан астам қаржыны ұстап қалғанын айтып отыр. Ең ауыр жағдай — дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтардың жетіспеушілігі.

Рамалла халықаралық қауымдастықты, әсіресе Париж экономикалық хаттамасының кепілгері саналатын АҚШ пен Францияны Израильге қысым көрсетуге шақырды.

Еске салсақ, Израиль 2019 жылдан бастап палестиналық тұтқындар мен олардың отбасыларына төленетін көмектерге сілтеме жасап, жыл сайын 165 миллион доллар көлеміндегі қаражатты ұстап отыр.

18 шілде, 13:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.