Атырау, 25 наурыз 09:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 457.29
€ 490.35
₽ 5.97

Microsoft компаниясы Nokia-ның ұялы телефон өндірісі бойынша бөлімшесін 7,2 млрд. АҚШ долларына сатып алады

1 690 просмотра
Америкалық Microsoft компаниясы ұялы телефон өндірісі бойынша финдік Nokia компаниясының бизнесінің бөлігін 5,4 млрд. еуроға (7,2 млрд. АҚШ доллары) сатып алады. Бұл туралы Би-Би-Си хабарлады.

2011 жылға дейін аталған компания ұялы телефондар нарығында көшбасшы болған еді, алайда, соңғы бірнеше жылдан бері Samsung және Apple өнімдерінен қалыс келеді.

Келісімшарт талаптарына сәйкес, Microsoft Nokia компаниясының патенттерін пайдалану мен мобильдік құрылғыларды шығару құқығына ие болады.

Бұл ақпарат тарағаннан кейін, Nokia акцияларының құны 40 пайыздан астам деңгейге жоғарылаған екен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

4 қыркүйек 2013, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.