Атырау, 6 желтоқсан 14:50
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырау облысында 25 шақырым теміржол жаңартылды ​

380 рет қаралды

Қазақстанда теміржол инфрақұрылымын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ  мәліметі бойынша, бүгінгі таңда 700 шақырымнан астам теміржол жөнделді – бұл жалпы жылдық жоспардың жартысы, яғни 1482 шақырым.

Жолға күрделі жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған 513 шақырымның 292 шақырымы аяқталды. Жұмыс 40 телімнің 14-і бойынша аяқталды:

Қостанай облысы 

* Күншаш – Қарағалы– 36 км

Павлодар облысы

* Еркіншілік – Ерейментау – 28 км

* Ақсу-I – Ақсу2 – 13 км

* Спутник – Бастау – 4 км

Алматы облысы

* Лепсі – Жасқазақ – 11 км

* Құмтөбе – Егінсу– 12 км

* Шілбастау– Қопа– 7 км

Жамбыл облысы

* Жиделі – Бірлік-1 – 12 км

* Шөлдала – Құмшағыл – 11 км

Қызылорда облысы

* Қаракеткен – рзд. Қараиірім – 6 км

Ақтөбе облысы 

* рзд. 174 – Жарлы – 9 км

* Кенжәлі– рзд. 142 – 10 км

Атырау облысы

* рзд. 4 – Ганюшкино – 25 км

Маңғыстау облысы

* рзд. 7 – Сай-Өтес– 16 км

Сондай-ақ, Қарағанды облысындағы «Қарағайлы» тау-кен байыту комбинаты қызмет көрсететін Көкпекті-Қарағайлы учаскесіне ерекше көңіл бөлінеді. Магистральдың бұл бөлігі минералды шикізатты экспорттауда, кәсіпорындарды жабдықтауда, сондай-ақ аймақ экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуде стратегиялық рөл атқарады. Қазіргі уақытта мұнда 21 км күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, 15 000 ағаш және 3 700 темірбетон шпалдар төселді, 11 км ұзынөлшемді рельс тізбектері  төселді.

18 шілде, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.