Атырау, 6 желтоқсан 14:50
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Мас күйдегі атыраулық әйел ұшақтан түсірілді

625 рет қаралды

Атырау қаласының 31 жастағы тұрғыны қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әуе рейсінен түсірілді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Оқиға Астана – Атырау бағытындағы рейсте тіркелді. Ұшақ командирінің актісіне сәйкес, жолаушы мас күйде әуе кемесіне мінбек болған. Әуе компаниясы қызметкерлерінің ескертуіне бағынбай, агрессивті мінез көрсеткен. Полиция келгенде де азаматша тынышталмай, бейәдеп сөздер айтып, тәртіп бұзуды жалғастырған.

Оған қатысты бірнеше бап бойынша – ұсақ бұзақылық, полицияның заңды талабына бағынбау, бортсеріктерге бағынбау және қоғамдық орынға мас күйде келу деректерімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс сотқа жолданды.

Көліктегі полиция департаменті азаматтарды қоғамдық орындар мен әуе рейстерінде тәртіп сақтауға шақырады. Жыл басынан бері ұқсас құқықбұзушылықтармен 331 адам жауапкершілікке тартылған. Ең жиі кездесетіні – ішімдік ішу, мас күйде жүру және ұшақта темекі шегу.

17 шілде, 18:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.