Атырау, 6 желтоқсан 14:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырау облысында учаскелік полиция жұмысы тексерілді

706 рет қаралды
Сурет: Polisia.kz

Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев Талқайраң және Ақсай ауылдық округтеріндегі учаскелік инспекторлардың жұмысымен танысты. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Тексеру барысында полиция басшысы ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ол учаскелік инспекторлардың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтіп, олардың жұмысына жоғары баға берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл қызметке айрықша көңіл бөліп, құқық қорғау органдарының жұмысын күшейтуді тапсырған болатын.

Бүгінде Атырау облысында 285 учаскелік инспектор халықпен тығыз жұмыс істеп келеді. Кейбір округтерде соңғы бес жылда қылмыс тіркелмеген, ал кейбір ауылдарда алкоголь өнімдерінен мүлде бас тартылған.

Кездесуде құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қауіпсіздігі, балаларды қорғау және қаңғыбас жануарлар мәселелері көтеріліп, жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар берілді.

Нұрхат Оразбаев: 

– Заң мен тәртіп әр ауладан басталады. ІІМ бұл жылды Профилактика жылы деп жариялады. Сондықтан алдын алу шаралары басты назарда болады, – деді.
17 шілде, 18:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.