Атырау, 6 желтоқсан 14:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда Махамбет көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Сурет
668 рет қаралды

Атырау қаласының әкімдігі орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Махамбет көшесінің Шоқан Уәлиханов пен Абай көшелері аралығындағы учаскесін 2025 жылғы 18 шілдеден бастап уақытша жабатынын хабарлайды.

Осыған байланысты қоғамдық көліктердің жүріс бағыты өзгереді, бағыттар арнайы картада көрсетілген.

Қалалық билік тұрғындар мен қонақтарды туындаған уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдап, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

17 шілде, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.