
Құлсары қаласында Құрсай каналының түбін тереңдету жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.
Аудан әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, «Сап Инвест» ЖШС мердігер ұйымының мамандары жобаны белгіленген мерзімде аяқтау үшін тәулік бойы, күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Осыған байланысты қала тұрғындарынан қауіпсіздік ережелерін сақтап, балаларды канал маңында қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Канал түбін тереңдету жұмыстары су өткізу қабілетін арттырып, су басудың алдын алуға және Құрсай аумағындағы экожүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаның іске асырылуы жергілікті биліктің тұрақты бақылауында.
В Атырау 0