Атырау, 6 желтоқсан 14:53
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атыраудағы медициналық колледж 700-ге жуық грант ұсынады

1 050 рет қаралды
Сурет: Атырау жоғары медициналық колледжі

Атырау жоғары медициналық колледжі 2025–2026 оқу жылына қабылдау науқанын белсенді түрде жүргізіп жатыр.

Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын 25 маусымнан бастап талапкерлерден құжат қабылдауды бастады.

Биыл колледж талапкерлерге кеңейтілген мүмкіндік ұсынып отыр:

  • негізгі орта білім (9-сынып) негізінде – 200 мемлекеттік грант;
  • жалпы орта білім (11-сынып) негізінде – 475 орын.

Құжат қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №578 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Қабылдау басталғалы 700-ден астам өтініш түскен. Бұл медициналық мамандықтарға деген жоғары қызығушылық пен колледждің өңірдегі беделін көрсетеді.

Колледж әкімшілігі талапкерлерді құжаттарын кешіктірмей тапсыруға шақырады.

17 шілде, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.