
2025 жылғы 17 шілдеде сағат 14:40-та Төтенше жағдайлар қызметіне Атырау қаласының Сарықамыс ықшамауданы, Қазтуған көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері дереу жетті.
Келген өрт сөндірушілердің анықтауынша, екі көрші тұрғын үйдің шатырлары тұтанған. Өрт сөндіру қызметкерлері дереу өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалын жақын орналасқан баспаналарға таралмады.
Өрт сағат 15:28-де оқшауланып, 15:53-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар қызметінің 19 қызметкері мен 4 техникасы, сондай-ақ Апаттық медицина орталығының 3 қызметкері мен 1 арнайы техникасы жұмылдырылды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау +4